УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ БАСЫМДЫҒЫ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ СЕМИНАРЫНА ҚАТЫСТЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 29 қазан 2026
  • 42

УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ БАСЫМДЫҒЫ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ СЕМИНАРЫНА ҚАТЫСТЫ

Qazaq AI Research University базасында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Дүниежүзілік банк тобының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы академиялық және зерттеу басымдығы орталықтары: нәтижелер, тәжірибе алмасу және даму перспективалары» тақырыбындағы семинар өтті.
Іс-шара еліміздегі академиялық және зерттеу басымдығы орталықтарының өкілдері мен шетелдік сарапшылардың басын қосты. Семинар барысында орталықтардың қызмет нәтижелері сараланып, жинақталған тәжірибе мен оларды одан әрі дамыту бағыттары талқыланды.

WhatsApp Image 2026-10-29 at 09.54.04.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-29 at 09.54.05.jpeg

Сонымен қатар, болашақ орталық қызметінің негізгі қозғаушы күші ретінде Ұлттық ғылыми кеңестің шешімімен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру мақұлданды. Бұл бастамалар университеттің ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыруға, инновациялық жобаларды жүзеге асыруға және ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті академиялық және зерттеу басымдығы орталығын құру аясында №5 оқу ғимараты аумағындағы Инжинирингтік паркті жақын уақытта пайдалануға беруді жоспарлап отыр.


Қ
орқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации