УНИВЕРСИТЕТТЕ «КҮМІС УНИВЕРСИТЕТІ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 29 қазан 2026
  • 57

УНИВЕРСИТЕТТЕ «КҮМІС УНИВЕРСИТЕТІ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Күміс университеті» жобасы аясында аға буын өкілдеріне арналған танымдық-білім беру іс-шарасы өтті.
Онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылған кездесудің мақсаты – егде жастағы азаматтардың қаржылық, құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыру, күнделікті өмірде қажетті білімдерін толықтыруға мүмкіндік беру.

WhatsApp Image 2026-10-29 at 12.40.18.jpeg     WhatsApp Image 2026-10-29 at 12.40.17.jpeg

Іс-шара барысында қатысушылар қаржылық қауіпсіздік пен құқықтық сауаттылық мәселелері бойынша ақпарат алды.
Университеттің комплаенс-офицері Әлібек Жаппасбаев қаржылық алаяқтықтың алдын алу жолдары туралы баяндады. Ол алаяқтардың кең таралған айла-тәсілдеріне, жеке деректерді қорғауға және қаржылық қауіпсіздікті сақтауға қатысты маңызды мәселелерді түсіндірді.
Ал экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Мұрат Смайлов құқықтық сауаттылықтың маңызына тоқталды. Кездесу барысында азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін білуі, оларды қорғау жолдары және құқықтық мәселелер бойынша дұрыс шешім қабылдауы жөнінде пайдалы ақпарат ұсынылды.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды. Сонымен қатар заманауи технологияларды пайдалану және күнделікті өмірде қажетті білімді жетілдіру мәселелері талқыланды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации