«BIR TOLQYNDA»: ЖАСТАР ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 29 қазан 2026
  • 59

«BIR TOLQYNDA»: ЖАСТАР ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Әділет» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған «BIR TOLQYNDA» диалог алаңы ұйымдастырылды.
Президент Жолдауында белгіленген басымдықтарды жастар арасында кеңінен талқылау мақсатында өткен кездесу барысында ауыл-аймақтарды дамыту, еңбек адамының құқықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сынды мәселелер талқыланды. Сондай-ақ жастардың қоғамдық өмірдегі белсенділігі мен ел болашағын қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды.

WhatsApp Image 2026-10-29 at 14.47.43.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-29 at 14.47.43 (1).jpeg

Кездесуге Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері Әлібек Жаппасбаев, облыстық кәсіподақтар комитетінің төрағасы Мақсұт Нәлібаев және «Әділет» құқықтық қызмет көрсету орталығының негізін қалаушы, заңгер Дәулет Ізбасарұлы қатысты.
Жиын барысында сарапшылар Президент Жолдауында көтерілген бастамалардың маңыздылығына тоқталып, өзекті мәселелер бойынша пікірлерімен бөлісті. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, жастарды толғандырған тақырыптар төңірегінде ашық пікір алмасу өтті.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации