ҚЫЗЫЛОРДАДА «ШАҺНАМА» МЕН ТҰРМАҒАМБЕТ МҰРАСЫ: ӘЛЕМДІК ӘДЕБИЕТ ПЕН ҰЛТТЫҚ РУХАНИЯТ САБАҚТАСТЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНУДА
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 30 қазан 2026
  • 49

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ШАҺНАМА» МЕН ТҰРМАҒАМБЕТ МҰРАСЫ: ӘЛЕМДІК ӘДЕБИЕТ ПЕН ҰЛТТЫҚ РУХАНИЯТ САБАҚТАСТЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНУДА

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Тұрмағамбет Ізтілеуовтің Әбілқасым Фирдоусидің «Шаһнама» дастанын қазақ тіліне аударғанына 90 жыл толуына орай «Шаһнама және Тұрмағамбет: әлем әдебиетінің мәңгілік мұрасы» атты халықаралық конференция өтуде.
Ғылыми жиынға Қазақстан, Үндістан, Жапония және Тәжікстан елдерінің ғалымдары қатысып, шығыс әдебиетінің көрнекті мұраларын, Фирдоуси шығармашылығының әлемдік әдебиеттегі орнын және Тұрмағамбет Ізтілеуовтің аудармашылық әрі шығармашылық мұрасын зерттеудің өзекті мәселелерін талқылауда.

WhatsApp Image 2026-10-30 at 11.12.08.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-30 at 11.12.10 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-30 at 11.12.09 (2).jpeg

Конференция аясындағы секциялық отырыста Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімінің басшысы Мыңжас Нұрлыбек сөз сөйлеп, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту, әдеби мұраны терең зерделеу және Тұрмағамбет шығармашылығының ұлттық руханияттағы орнын айқындау бағыттарының маңыздылығына тоқталды.
Ғылыми басқосуда отандық және шетелдік зерттеушілер мазмұнды баяндамалар жасап, «Шаһнама» дастанының тарихи-мәдени маңызы, оның қолжазбалық мұрасы, көркемдік ерекшеліктері мен әртүрлі әдеби дәстүрлердегі интерпретациясы жөнінде ғылыми пайымдарын ортаға салды.

WhatsApp Image 2026-10-30 at 11.12.08 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-30 at 11.12.10 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-30 at 11.12.10.jpeg

Атап айтқанда, Үндістанның Хайдарабад университетінің қауымдастырылған профессоры Махмуд Алам «Шаһнама» қолжазбаларының тарихи жолын зерделеп, Тұрмағамбет Ізтілеуов атындағы институт ашу жөнінде ұсыныс білдірді. Ал Джавахарлал Неру университетінің докторы Шаши Кант Фирдоуси шығармашылығының Асадулла Бег Хан Ғалибке ықпалын қарастырды.

Жапония Ұлттық технологиялық институтының Ояма колледжінің қауымдастырылған профессоры Хироюки Нагаминэ Жошы ұлысындағы Сығанақ, Сарайшық және Сарай қалаларының тарихи-мәдени ерекшеліктерін таныстырды. Тәжікстан Республикасы Әдебиет институтының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Мұзаффар Мұхамади Фирдоусидің «Шаһнама» шығармасындағы ертегілік-мифологиялық сарындар мен олардың көркемдік қызметін талдады.

WhatsApp Image 2026-10-30 at 11.12.08 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-30 at 11.12.10 (3).jpeg

Ал Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің доцент-зерттеушісі, PhD Батырхан Болатбек Шәденұлы «Шаһнама» мен Тұрмағамбет Ізтілеуұлының «Рүстем-дастанындағы» қаһармандық идеалдың ұлттық интерпретациясына тоқталса, Атилла атындағы Еуразия мұрасын зерттеу халықаралық академиясының директоры Самат Жұматайұлы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы мұрасын зерттеудің өзекті мәселелерін көтерді.
Халықаралық конференция әлем әдебиетінің ортақ мұрасын ғылыми тұрғыдан зерделеуге, отандық және шетелдік зерттеушілер арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға және Тұрмағамбет Ізтілеуов шығармашылығын халықаралық деңгейде насихаттауға бағытталған. Ғылыми пікір алмасу нәтижесінде шығыс әдебиеті мен қазақ руханиятының сабақтастығын тереңірек тануға мүмкіндік туып отыр.
Айта кетейік, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен өтуде. Тұрмағамбет Ізтілеуовтің Ә. Фирдоусидің «Шаһнама» дастанын қазақ тіліне аударғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Шаһнама» және Тұрмағамбет – әлем әдебиетінің мәңгілік мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен өтетін пленарлық отырыспен қорытындыланады.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации