ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 30 қазан 2026
  • 16

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – ректор Наурызбай Байқадамов Экономика және құқық институтының профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.
Басқосуда Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған міндеттерге тоқталды. Жиын барысында білім беру сапасын арттыру, оқу үдерісін жетілдіру, дуальді оқытуды дамыту және студенттерге қолайлы академиялық орта қалыптастыру мәселелері қозғалды. Университет басшысы осы бағыттағы жұмыстардың нәтижелі жүзеге асуында оқытушылардың кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігінің маңызын атап өтті. 

WhatsApp Image 2026-10-30 at 19.04.07 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-30 at 19.04.07.jpeg

Кездесу барысында академиялық мәселелер, стратегиялық даму, цифрландыру, ғылым және халықаралық байланыстар бағыттары бойынша алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар талқыланды. Білім алушылардың мүмкіндіктерін кеңейту, инклюзивті білім беруді дамыту, академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу, жасанды интеллектіні оқу үдерісіне енгізу және университеттің халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштерін арттыру жөніндегі жоспарлар ортаға салынды.

WhatsApp Image 2026-10-30 at 19.04.08.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-30 at 19.04.06.jpeg

Жиын ашық пікір алмасу форматында өтіп, оқытушылар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, оқу үдерісі мен университет қызметін жетілдіруге қатысты ұсыныстарын білдірді.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации