«ТМД-НЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 02 қараша 2026
  • 26

«ТМД-НЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

«Даму» халықаралық инновациялық орталығы мен «Bilim-Órkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ТМД-ның үздік студенті» халықаралық байқауына қатысуға шақырамыз.

Байқаудың мақсаты – білім, ғылым, шығармашылық, спорт және қоғамдық қызмет салаларында жетістікке жеткен ТМД елдерінің үздік студенттерін анықтау, қолдау және олардың жетістіктерін халықаралық деңгейде насихаттау.

Байқауға Қазақстан Республикасы мен ТМД елдеріндегі жоғары оқу орындары және колледж студенттері қатыса алады.

Қатысу үшін 2026 жылғы 25 қарашаға дейін WhatsApp арқылы төмендегі құжаттарды жолдау қажет:
- өтініш кестесі;
- көлемі екі беттен аспайтын өмірбаян (Times New Roman, 14 кегль);
- жетістіктерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
- 3×4 форматындағы сапалы фотосурет;
- студенттік өмірден 4–5 фотосурет (JPEG форматында).
Байқауға қатысу – тегін.

Құжаттар қазақ, орыс, ағылшын, армян, татар, әзербайжан, өзбек, тәжік, қырғыз, түрікмен, беларусь және украин тілдерінде қабылданады.

Іріктеуден өткен қатысушылар Астана қаласында конференция форматында өтетін салтанатты марапаттау рәсіміне шақырылады. Жеңімпаздарға құрмет грамотасы, төсбелгі және өзге де арнайы марапаттар табысталады.

Құжаттарды қабылдау: +7 708 935 6940 (WhatsApp)
Соңғы мерзім: 25 қараша 2026 жыл.


Толығырақ

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации