ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ DECENTRATHON 6.0 ХАКАТОНЫ ӨТТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 02 қараша 2026
  • 55

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ DECENTRATHON 6.0 ХАКАТОНЫ ӨТТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторында еліміздегі ең ірі мультилокациялық хакатондардың бірі – Decentrathon 6.0 өтті.
30-31 қазан күндері ұйымдастырылған технологиялық жарыс Қазақстанның 19 қаласында бір мезгілде өтіп, Қызылордада 200-ден астам әзірлеуші, студент пен жас маманның басын қосты. Бұл өткен хакатонмен салыстырғанда қатысушылар санының едәуір артқанын және өңір жастарының технологиялық бастамаларға қызығушылығы жоғары екенін көрсетті.

WhatsApp Image 2026-11-02 at 15.33.57 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-02 at 15.33.57 (3).jpeg

Жобаны Astana Hub пен Blockchain & AI Technology Center (BAITC) ұйымдастырды. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Қызылорда облысының Цифрлық технологиялар басқармасы қолдау көрсетті.
Хакатон барысында қатысушылар Grand Mobile және trysoup.dev компаниялары ұсынған нақты технологиялық кейстер бойынша жұмыс істеді. Командалар екі күн ішінде тапсырмалардың шешімін әзірлеп, жұмыс істейтін прототиптерін сарапшылар мен технологиялық индустрия өкілдеріне таныстырды. Сонымен қатар, мамандардан кері байланыс алып, жобаларын жетілдіруге мүмкіндік алды.
Биылғы жарыс өңірлік форматта ұйымдастырылды. Командалар өз өңірінің ішінде бақ сынап, әр кейс бойынша үздік жоба анықталады. Әр өңірге қарастырылған жалпы жүлде қоры – 1 500 000 теңге. Хакатон жеңімпаздары қараша айында жарияланады.

WhatsApp Image 2026-11-02 at 15.33.57.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-02 at 15.33.57 (2).jpeg

2023 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Decentrathon жобасының бес маусымына 17 мыңнан астам адам қатысқан. Жеңімпаздардың 39 пайызы еліміздің өңірлерінен шыққан. Бұл Қазақстанның технологиялық әлеуеті барлық аймақта қарқынды дамып келе жатқанын аңғартады.
Қызылордадағы хакатон қатысушыларға тың идеяларын нақты жобаға айналдыруға, тәжірибе алмасуға және технологиялық шешімдерін кәсіби ортада таныстыруға мүмкіндік берді. Мұндай ауқымды іс-шаралар өңірдегі IT қауымдастықтың дамуына, жастардың инновациялық ойлау қабілетін жетілдіруге және жаңа технологиялық жобалардың қалыптасуына серпін береді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации