ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГРАН-ПРИДЕ ЕКІ АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 02 қараша 2026
  • 13

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГРАН-ПРИДЕ ЕКІ АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 4-курс студенті Асылхан Айсалбаев стенд атудан халықаралық Гран-при турнирінде екі алтын медаль жеңіп алды.
Шымкент қаласындағы «Shymkent Shooting Plaza» ату кешенінде өткен жарыс КСРО спорт шебері Владимир Почиваловты еске алуға арналды. Нысана көздеу және стенд атудан ұйымдастырылған XXXV халықаралық Гран-приге әлемнің 14 елінен 221 спортшы қатысты.

WhatsApp Image 2026-11-02 at 16.43.42 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-02 at 16.43.41 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-02 at 16.43.41 (2).jpeg

Асылхан Айсалбаев 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында командалық есепте жеңімпаз атанды. Сондай-ақ аралас командалық «Микс» сайысында да үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынды иеленді.

Бұл жетістік – спортшының жүйелі дайындығының, қажырлы еңбегі мен жоғары шеберлігінің нәтижесі. Студенттің халықаралық аренадағы жеңісі еліміздің спорттық әлеуетін танытып, университет мерейін асқақтатты.

WhatsApp Image 2026-11-02 at 16.43.41 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-02 at 16.43.40.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-02 at 16.43.41.jpeg

Айта кетейік, Асылхан Айсалбаев бұған дейін де стенд атудан өткен халықаралық және республикалық жарыстарда бірнеше мәрте чемпион атанып, жүлделі орындарды иеленген. 2025 жылғы тамыз айында стенд атудан өткен Азия чемпионатында әлемдік рекорд орнатқан.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации