ІЗГІЛІККЕ БАСТАҒАН ИГІ ІС
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 03 қараша 2026
  • 45

ІЗГІЛІККЕ БАСТАҒАН ИГІ ІС

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Әлеуметтік жұмыс апталығы аясында «Мейірімділік мекені» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты – қайырымдылық пен ізгілік құндылықтарын дәріптеу, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету.

WhatsApp Image 2026-11-03 at 17.29.53 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-03 at 17.29.53.jpeg     WhatsApp Image 2026-11-03 at 17.29.52.jpeg

Ізгі бастамаға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер, Экономика және құқық институты мен өзге де институттардың студенттері белсенді атсалысты. 

Акция нәтижесінде көмекке мұқтаж 10 отбасыға азық-түлік өнімдері, көкөністер, тұрмысқа қажетті заттар мен қаржылай көмек табысталды.

WhatsApp Image 2026-11-03 at 17.29.54.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-03 at 17.29.54 (1).jpeg

Қайырымдылық акциясы университет қауымдастығының бірлігі мен азаматтық жауапкершілігін айқындап, ізгілік пен жанашырлықтың нақты іспен көрініс табатынын көрсетті. Ортақ іске жұмылған ұжымның қолдауы мұқтаж отбасыларға демеу болып, қоғамдағы өзара қамқорлықтың маңызын тағы бір мәрте танытты.

WhatsApp Image 2026-11-03 at 17.29.53 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-03 at 17.29.53 (3).jpeg


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации