ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІ АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК 578 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҚАТАРЫНА ЕНДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 03 қараша 2026
  • 53

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІ АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК 578 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті QS World University Rankings: Asia 2027 рейтингінде 578-орынға ие болып, өткен жылғы көрсеткішін 15 позицияға жақсартты. Қазақстандық жоғары оқу орындары арасында университет 22-орынға тұрақтады.
Биылғы рейтинг QS Asia тарихындағы ең ауқымды рейтинг болды. Оған 26 ел мен аумақтағы 1700-ден астам жоғары оқу орны, соның ішінде Қазақстанның 51 университеті енді.
Рейтинг академиялық және жұмыс берушілер арасындағы бедел, ғылыми жарияланымдар мен дәйексөздер саны, оқытушылар мен студенттердің арақатынасы, халықаралық ғылыми байланыстар, шетелдік оқытушылар мен білім алушылардың үлесі, сондай-ақ академиялық ұтқырлық көрсеткіштері негізінде жасалды.

Снимок экрана 2026-11-03 181906.png      Снимок экрана 2026-11-03 181820.png

Қорқыт ата университеті академиялық бедел көрсеткіші бойынша 92 позицияға көтеріліп, 307-орынды иеленді. 
Бұл нәтиже – білім сапасын арттыру, ғылыми әлеуетті дамыту және халықаралық байланыстарды кеңейту бағытындағы жүйелі жұмыстың жемісі. Университет ұжымының бірлескен еңбегі алдағы уақытта да Қорқыт ата университетінің халықаралық білім кеңістігіндегі беделін нығайтуға негіз болмақ.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации