ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАСАМПАЗ ЖАСТАР ТАЛҚЫСЫНДА
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 04 қараша 2026
  • 35

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАСАМПАЗ ЖАСТАР ТАЛҚЫСЫНДА

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде  «Жаңа Конституция жасампаз жастар көзімен» тақырыбында университетішілік пікірсайыс турнирі өтті.
Зияткерлік додаға университеттің 10 фракциясы қатысып, өзара бақ сынады. Атап айтқанда, «Шетел тілі: екі шет тілі», «Data Management» (СеулТех), «Бастапқы әскери дайындық», «Журналистика», «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаларының студенттері конституциялық тақырыптар төңірегінде өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

WhatsApp Image 2026-11-04 at 11.15.13.jpeg

Турнирдің негізгі мақсаты – жастардың жаңа Конституцияға қатысты құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық ұстанымын қалыптастыру және елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласуына ықпал ету. Сонымен қатар, студенттердің сыни ойлау, шешендік өнер және өз көзқарасын дәлелді түрде жеткізу қабілеттерін дамыту, өзекті конституциялық мәселелер бойынша еркін пікір алмасу алаңын қалыптастыру көзделді.
Пікірсайыс барысында қатысушылар өз ұстанымдарын дәлелдермен негіздеп, қарсы тараптың пікіріне сыни көзқарас білдіру арқылы зияткерлік қабілеттерін танытуға мүмкіндік алды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации