МЫСЫРЛЫҚ ҒАЛЫМ ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУҒА КЕЛДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 04 қараша 2026
  • 31

МЫСЫРЛЫҚ ҒАЛЫМ ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУҒА КЕЛДІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Наргүл Сақтағанова Мысыр Араб Республикасындағы Delta University for Science and Technology университетінің вице-президенті, профессор Тарек Аббас Эльхулимен кездесті.
Кездесуде екі жоғары оқу орны арасындағы ғылыми және академиялық ынтымақтастықты нығайту, бірлескен зерттеулер жүргізу, халықаралық ғылыми жарияланымдар әзірлеу, білім беру жобаларын іске асыру және тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

WhatsApp Image 2026-11-04 at 11.18.05.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-04 at 11.18.04.jpeg

Тарек Аббас Эльхули – Delta University for Science and Technology университетінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ғылыми зерттеулер, халықаралық қатынастар және шетелдік студенттер мәселелері жөніндегі вице-президенті. Ол екі университет арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында 2-9 қараша аралығында Қорқыт ата университетіне академиялық сапармен келді.

WhatsApp Image 2026-11-04 at 11.18.05 (1).jpeg

Сапар бағдарламасы бойынша профессор білім алушыларға, оның ішінде бітіруші курс студенттеріне дәрістер оқиды. Сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы мен докторанттарға арналған ғылыми-әдістемелік семинарлар мен практикалық воркшоптар өткізіп, зерттеу жүргізу және халықаралық рецензияланатын журналдарда мақала жариялау мәселелері бойынша кеңес береді.
Академиялық сапар аясында бірлескен ғылыми жобалар мен халықаралық жарияланымдар әзірлеу, университеттің академиялық байланыстарын кеңейту және халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштерін арттыру бағытында тәжірибе алмасу көзделген.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации