ҚОС ДИПЛОМДЫ БАҒДАРЛАМА: ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 04 қараша 2026
  • 47

ҚОС ДИПЛОМДЫ БАҒДАРЛАМА: ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті 2025 жылдан бастап Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетімен бірлесіп «Педагогика және психология» қос дипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Қазіргі таңда ПП-25-1м оқу тобының магистранттары үшінші академиялық кезеңдегі білімін серіктес университетте жалғастыруда.
Академиялық сапар аясында магистранттар Қырғыз ұлттық университетіндегі білім сапасын басқару және оқу үдерісін ұйымдастыру тәжірибесімен танысып, жоғары оқу орнының бірқатар өкілімен кездесті.

WhatsApp Image 2026-11-04 at 12.14.12.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-04 at 12.14.11 (1).jpeg

Атап айтқанда, білім сапасы менеджменті жүйесі департаментінің директоры Жылдыз Жамалдиновна, оқу бөлімінің басшысы Алмаз Тойматович және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Камчыбек уулу Мырзабекпен өткен кездесулерде білім беру сапасын қамтамасыз ету, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу қызметін дамыту және университеттер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

WhatsApp Image 2026-11-04 at 12.14.11.jpeg

Сондай-ақ магистранттар университеттің ғылыми кітапханасы мен Ситуациялық орталығында болып, олардың қызметімен, заманауи ақпараттық ресурстарымен және білім беру үдерісін цифрлық қолдау мүмкіндіктерімен танысты.
Академиялық сапар магистранттардың кәсіби білімін жетілдіріп, тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді. Сонымен қатар екі университет арасындағы серіктестікті нығайтып, алдағы бірлескен жұмыстардың басым бағыттарын айқындауға негіз болды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации