- Университет
- Корпоративтік басқару
- Директорлар кеңесі
- Корпоративтік хатшы
- Корпоративтік оқиғалар
- Корпоративтік оқиғалар күнтізбесі
- Директорлар кеңесінің отырыстары
- Директорлар кеңесінің комитеттері
- Директорлар кеңесінің қызметі туралы есеп
- Қоғамның жылдық есеп
- Басқарма
- Басқарма отырыстары
- Ішкі аудит қызметі
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс - офицер
- Жалғыз акционердің шешімдері
- Жылдық қаржылық есептілік
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- Киберқауіпсіздік офицері
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Бас редактор
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Мұстафа Шоқай» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ғылыми кітапхана
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап бөлімі
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Нормативтік құжаттар
- Университет миссиясы
- Рейтингтердегі позициялар
- Аккредиттеу
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Түлектерге
- Корпоративтік басқару
- Ректор блогы
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
- ТДМ
- Тұрақты даму саласындағы саясаты
- Тұрақты даму мақсаттары саласындағы саясатты іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
- «Білім беру және зерттеу арқылы Тұрақты даму мақсаттарын ілгерілету» атты дөңгелек үстел
- Қорқыт ата университетінде жасыл экономика мен құрылыс саласын дамытуға арналған дөңгелек үстел өтті
- Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне арналған семинар өтті
- Барлық мүдделі топтар үшін 2025 жылғы Ерікті ұлттық шолуды талқылауға арналған семинар
- Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде экоклуб құрылды
- Тұрақты даму саласындағы саясатын жүзеге асыру тетігі
- Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі маман
- Ғылыми жобалар
- Арал өңірі экожүйелерін зерттеу халықаралық орталығы
- Тұрақтылық бойынша білім беру бағдарламалары
- Тұрақты даму жөніндегі уәкілеттілер
- Инклюзивті білім беру орталығы
- Тұрақты мемлекеттік сатып алу саясаты
- Күн электр станциясы
- Инклюзивті Инфрақұрылым схемасы
- Тұрақты даму саясатын жүзеге асыру бойынша 2024-2025 оқу жылындағы есебі
- Көміртегі шығарындылары туралы есеп
ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ КӨШБАСШЫЛЫҚ ОРНЫН САҚТАП ҚАЛДЫ: ЕЛІМІЗДІҢ ҮШ ЖЕТЕКШІ УНИВЕРСИТЕТІ АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК 100 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҚАТАРЫНА ЕНДІ
QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азия елдері арасында көшбасшылық орнын сақтап, үш университеті рейтингтің алғашқы жүздігіне енген өңірдегі жалғыз мемлекет атанды. Биылғы рейтингке еліміздің 51 жоғары оқу орны енгізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жеті университетке артық.
QS Asia University Rankings 2027 рейтингіне Азияның 26 елі мен аумағынан 1722 университет енді. Рейтингке енгізілген жоғары оқу орындарының саны бойынша Қазақстан Азияда 10-орынға тұрақтады. Соңғы үш жылда рейтингке қатысқан қазақстандық университеттердің саны 34-тен 51-ге дейін артты. Оның ішінде жеті жоғары оқу орны рейтингке алғаш рет енді.
Азияның үздік 100 университетінің қатарына Қазақстанның үш жоғары оқу орны кірді
✔️ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 46-орын;
✔️ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 62-орын;
✔️ Satbayev University – 89-орын.
Қазақстандық жоғары оқу орындары арасында рейтингтегі орнын айтарлықтай жақсартқан университеттердің бірі – NU. Университет 62 сатыға көтеріліп, 139-орынға ие болды. Осылайша, рейтингке екінші жыл қатарынан қатысып отырған оқу орны Азияның үздік 200 университетінің қатарына енді. Сондай-ақ Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті өз көрсеткішін 64 сатыға жақсартып, 618-орынға көтерілді.
Қазақстандық университеттер білім беру ортасының сапасы, академиялық ұтқырлық және халықаралық ынтымақтастық көрсеткіштері бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Рейтингтің 11 индикаторының жетеуі бойынша отандық жоғары оқу орындарының орташа көрсеткіштері Азия университеттерінің орташа деңгейінен жоғары болды.
Атап айтқанда, академиялық алмасу бағдарламалары аясында шетелге шығатын студенттердің үлесі бойынша Қазақстанның орташа көрсеткіші 58,8 балды құрады. Ал Азия бойынша бұл көрсеткіш 22,6 балға тең. Оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы бойынша отандық университеттер орта есеппен 52 балл жинаса, Азиядағы орташа көрсеткіш 34,6 балды құрады. Жұмыс берушілер арасындағы бедел көрсеткіші бойынша қазақстандық жоғары оқу орындары 38,8 балға қол жеткізіп, Азиядағы орташа деңгейден (24,9 балл) жоғары нәтиже көрсетті.
Еліміздің жетекші университеттері жекелеген индикаторлар бойынша да жоғары орындарға ие болды. Мәселен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы және академиялық алмасу бағдарламалары бойынша шетелге шығатын студенттердің үлесі жөнінен Азияда 12-орынға тұрақтады. Ал академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті соңғы көрсеткіш бойынша 29-орыннан 18-орынға көтерілді.
Өз кезегінде NU халықаралық ғылыми ынтымақтастық индексі бойынша 24-орынға, ал шетелдік оқытушылардың үлесі бойынша 26-орынға ие болды. Шетелдік оқытушылардың үлесі жөнінен Satbayev University 34-орынға тұрақтаса, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 52-орыннан 40-орынға көтерілді.
Қазақстандық университеттердің басқа да маңызды жетістіктері:
✔️ 10 жоғары оқу орны оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы бойынша Азияның үздік 100 университетінің қатарына енді;
✔️ 6 университет академиялық алмасу бағдарламалары бойынша шетелге шығатын студенттердің үлесі жөнінен алғашқы жүздікке кірді;
✔️ 7 жоғары оқу орны шетелдік оқытушылардың үлесі бойынша үздік 100 университеттің қатарынан орын алды;
✔️ Қазақстандық университеттердің 48%-ы шетелдік оқытушылардың үлесі бойынша көрсеткіштерін жақсартты;
✔️ Жоғары оқу орындарының 39%-ы оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы бойынша нәтижелерін арттырды.
Халықаралық академиялық ынтымақтастықтың кеңеюі, соның ішінде Қазақстанда шетелдік университеттердің 30-дан астам филиалының ашылуы білім беру бағдарламаларын дамытуға, академиялық ұтқырлықты арттыруға және отандық жоғары оқу орындарының халықаралық байланыстарын нығайтуға қосымша мүмкіндіктер туғызуда.
Рейтинг нәтижелеріне пікір білдірген QS Quacquarelli Symonds агенттігінің аға вице-президенті Бен Саутер Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші орнын сақтап отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, NU университетінің Азиядағы үздік 200 жоғары оқу орнының қатарына енуі ғылыми зерттеулерді қолдау мен жоғары білім беруді интернационалдандырудың маңызын көрсетеді. Сонымен бірге ғылымды қаржыландыру көлемін ұлғайтумен қатар, ғылыми зерттеулердің халықаралық ықпалын арттыру негізгі міндеттердің бірі болып қала береді.
QS Quacquarelli Symonds агенттігінің өңірлік директоры Сергей Христолюбов та Қазақстанның халықаралық рейтингтегі өкілдігі кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, QS Asia University Rankings 2027 рейтингіне еліміздің 19 қаласынан 51 университет енген. Бұл нәтиже Алматы мен Астананың әлемдегі үздік студенттік қалалардың QS Best Student Cities 2027 рейтингіндегі орындарының жақсаруымен қатар, Қазақстанның өңірлік білім беру орталығы ретіндегі халықаралық танымалдығының артып келе жатқанын көрсетеді.
QS Asia University Rankings – QS Quacquarelli Symonds агенттігі әзірлейтін Азия университеттерінің халықаралық рейтингі. Жоғары оқу орындары академиялық беделі, түлектерінің жұмыс берушілер арасындағы сұранысы, білім беру ортасының сапасы, ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелілігі, халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық деңгейін қамтитын 11 индикатор бойынша бағаланады.
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
AI-Sana бағдарламасы
толығырақ...
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...