КҮЛШАТ ҚАМЗАЕВАНЫҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТІЛДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 04 қараша 2026
  • 33

КҮЛШАТ ҚАМЗАЕВАНЫҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТІЛДІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің белгілі әдіскер-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Қамзаева Күлшат Салихқызының 60 жылдық мерейтойына орай «Ғибратты ғұмыр» атты еске алу кеші өтті.
Тағылымды шараның мақсаты – ғалым-ұстаздың өнегелі өмір жолын еске алып, ұстаздық қызметін дәріптеу, ғылыми-педагогикалық мұрасын насихаттау.
Еске алу кешіне ұлағатты ұстаздың қызы Еркенұр, бауырлары, әріптестері, замандастары, университет ұжымы, студенттер мен облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шара марқұмның рухына бір минут үнсіздік жариялаумен басталды.

WhatsApp Image 2026-11-04 at 18.00.55 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-04 at 18.00.57 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-04 at 18.00.56.jpeg

Кеш барысында университеттің филология ғылымдарының докторы, профессоры Жеңіс Сәдуақасұлы, «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ұлжан Жанбершиева сөз сөйлеп, ғалымның өмір жолы мен ғылыми-педагогикалық қызметіне тоқталып, естеліктерімен бөлісті.
Қатысушылар назарына ғалымның өмірі мен еңбек жолына арналған «Ғылымға арналған ғұмыр» атты бейнебаян ұсынылды. 

WhatsApp Image 2026-11-04 at 18.00.56 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-04 at 18.00.55.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-04 at 18.00.57 (2).jpeg

Сондай-ақ, марқұмның достары, замандастары мен әріптестері естеліктерімен бөлісті. Олар Күлшат Салихқызының адамгершілік қасиеттерін, әріптестерімен қарым-қатынасын, ұстаздық болмысын еске алды. 
Шара барысында студенттер ұстаздарға арналған өлеңдерін оқып, еске алу кешіне арнаған жырларын ұсынды. Сонымен қатар залға жиналған қауым LED экранда көрсетілген сұрақтарға жауап беріп, Күлшат Салихқызының жарқын бейнесі мен адами қасиеттерін еске түсірді. Кеште бауырлар туралы ән орындалып, қатысушылардың сағынышын жеткізген әсерлі сәттерге ұласты.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации