ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІ КОРЕЯНЫҢ СУНЧОН ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІМЕН СЕРІКТЕСТІК ОРНАТТЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 04 қараша 2026
  • 43

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІ КОРЕЯНЫҢ СУНЧОН ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІМЕН СЕРІКТЕСТІК ОРНАТТЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов Корея Республикасының Сунчон ұлттық университетімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Келісім екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық және ғылыми байланыстарды нығайтуға, білім беру саласында тәжірибе алмасуға және ұзақ мерзімді халықаралық серіктестікті дамытуға бағытталған.

WhatsApp Image 2026-11-04 at 18.02.51.jpeg
Меморандум аясында профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, бірлескен ғылыми зерттеулер мен білім беру жобаларын жүзеге асыру, халықаралық конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру, сондай-ақ өзара тәжірибе алмасу көзделген.
Жаңа келісім Қорқыт ата университетінің халықаралық байланыстарын кеңейтіп, білім алушылар мен оқытушылар үшін академиялық және ғылыми ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации