GLOBAL SUSTAINABILITY CHALLENGE 2026–2027: СТЭНФОРД УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 05 қараша 2026
  • 31

GLOBAL SUSTAINABILITY CHALLENGE 2026–2027: СТЭНФОРД УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерін халықаралық Global Sustainability Challenge байқауының екінші маусымына қатысуға шақырамыз!

Байқауды АҚШ-тағы Стэнфорд университетінің Тұрақты даму мектебі (Stanford Doerr School of Sustainability) бастамашылық еткен.

Байқаудың мақсаты – жаһандық тұрақты даму мәселелерін шешуге бағытталған инновациялық идеялар мен практикалық жобаларды әзірлеу.

Байқау екі негізгі бағыт бойынша өтеді:

Тұрақты энергетика (Sustainable Energy) – таза энергия өндіру, сақтау және тарату шешімдері.

Бейімделу және төзімділік (Adaptation & Resilience) – су қауіпсіздігі, азық-түлік тұрақтылығы және аптап ыстыққа төзімділік.

Кімдер қатыса алады?

·         Бакалавриат, магистратура және докторантура студенттері;

·         Кез келген білім беру бағдарламасының студенттері;

·         1–6 адамнан тұратын командалар;

·         Пәнаралық және халықаралық командалар.

      Байқау талаптары:

·         Жұмыс тілі – ағылшын тілі;

·         Өтінімдерді қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 22 қарашаға дейін;

·         Жүлде қоры – 35 000 АҚШ долларынан астам.

Үздік командалар Стэнфорд университетінің EcoGlobal Intensive бағдарламасына шақырылуы мүмкін.

Тіркелу және толық ақпарат:
www.globalsustainabilitychallenge.org

Байланыс: impactfunds@nu.edu.kz

Өз идеяңды халықаралық деңгейде танытып, тұрақты болашақ қалыптастыруға үлес қос!

#GlobalSustainabilityChallenge #StanfordUniversity #SustainableDevelopment #Innovation #KorkytAtaUniversity #SDGs

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации