ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ НЕГІЗІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 05 қараша 2026
  • 18

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ НЕГІЗІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында қонақ дәріс ұйымдастырылды.

Кездесуге Қызылорда облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Айдос Аппаз арнайы қатысты.

Дәріс барысында жастар арасында жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлері, қылмыстық жауаптылықтың негіздері, заңға қайшы әрекеттердің салдары мен олардың алдын алу жолдары түсіндірілді. Сондай-ақ қылмыстарды анықтау және тергеп-тексеру жұмыстарының ерекшеліктері туралы ақпарат берілді.

WhatsApp Image 2026-11-05 at 15.48.01 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-05 at 15.48.01.jpeg

Айдос Аппаз кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, студенттерді заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпке құрметпен қарауға және әрбір іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Кездесу барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, тәжірибелі маманнан нақты жауаптар алды.

Тағылымды дәріс студенттердің құқықтық білімін толықтырып, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және заңға құрмет мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік берді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации