СТУДЕНТ ҚҰҚЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 05 қараша 2026
  • 52

СТУДЕНТ ҚҰҚЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттік омбудсмені институттар мен жатақханаларда білім алушылармен кездесіп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесулер барысында студенттік омбудсмен қызметінің негізгі міндеттері мен жұмыс бағыттары таныстырылып, білім алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктері түсіндірілді.

WhatsApp Image 2026-11-05 at 16.32.14.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-05 at 16.32.151.jpeg

Студенттерге оқу үдерісінде туындаған мәселелерді шешу жолдары, құқықтары бұзылған жағдайда әрекет ету тәртібі, сондай-ақ өтініштер мен шағымдарды беру және қарау рәсімдері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар білім алушылардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі, академиялық ортада өзара құрмет қағидаларын ұстануы, келіспеушіліктерді заң аясында реттеуі және құқық бұзушылықтардың алдын алуы маңызды екені атап өтілді.

WhatsApp Image 2026-11-05 at 16.32.15 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-05 at 16.32.15 (2).jpeg

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңды мүдделерін қорғау жолдары туралы түсінігін кеңейту және университетте қауіпсіз, әділ әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал ету.
Кездесу соңында омбудсмен білім алушылардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдап, сауалдарына жауап берді. Мұндай кездесулер студенттерге өздерін толғандырған мәселелерді дер кезінде көтеріп, оларды шешудің тиімді әрі заңды жолдарын табуға мүмкіндік береді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации