ТҮРКИЯЛЫҚ РЕКТОР ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТУРАЛЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 05 қараша 2026
  • 24

ТҮРКИЯЛЫҚ РЕКТОР ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТУРАЛЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Анкара әлеуметтік ғылымдар университетінің ректоры, профессор, доктор Мұса Қазым Арыджан «Жасанды интеллект дәуіріндегі білім, адам және құндылықтар: Түркі әлемінің болашағы» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс барысында жасанды интеллект технологияларының білім беру жүйесіне ықпалы, адам мен технологияның өзара байланысы, цифрлық дәуірде адамгершілік құндылықтарды сақтау және Түркі әлемінің болашақ даму бағыттары сөз болды.

WhatsApp Image 2026-11-05 at 17.05.54.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-05 at 17.05.53 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-05 at 17.05.53.jpeg

Кездесуге Жасанды интеллект институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-ректоры, доктор Мұстафа Гиритлиоғлу, делегация мүшелері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар тақырып төңірегінде ашық пікір алмасып, жасанды интеллектіні білім мен ғылым салаларында тиімді пайдалану жолдарын талқылады.

WhatsApp Image 2026-11-05 at 17.05.52.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-05 at 17.05.55.jpeg

Сонымен қатар Мұса Қазым Арыджан университеттің Жасанды интеллект институтының қызметімен танысты. Қонақтарға институтта жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобалар мен негізгі зерттеу бағыттары таныстырылып, аталған саладағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері қарастырылды.
Айта кетейік, Қорқыт ата университетіне жасаған сапары барысында Мұса Қазым Арыджан бастаған делегация Қызылорда қаласының тарихи-мәдени орындарын аралап, өңірдің рухани мұрасымен танысты.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации