ЕГИПЕТТІК ПРОФЕССОР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙТИНГКЕ ЖЕТУДІҢ ТИІМДІ СТРАТЕГИЯЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 05 қараша 2026
  • 33

ЕГИПЕТТІК ПРОФЕССОР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙТИНГКЕ ЖЕТУДІҢ ТИІМДІ СТРАТЕГИЯЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде  Египеттегі Delta University for Science and Technology университетінің профессоры Тарек Аббас Эльхулидың қатысуымен семинар өтті.
Кездесуге университеттің Басқарма мүшелері – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Дана Абдрашева мен Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Наргүл Сақтағанова, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлері қатысты.

WhatsApp Image 2026-11-05 at 17.17.38.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-05 at 17.17.38 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-05 at 17.17.38 (2).jpeg

«Университеттің халықаралық рейтингтерге қатысу стратегиясы: Delta University тәжірибесі мен ынтымақтастық перспективалары» тақырыбындағы семинарда жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингтердегі орнын жақсарту жолдары, рейтингтік көрсеткіштерді арттыру тетіктері және халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері қарастырылды.
Спикер Delta University for Science and Technology университетінің тәжірибесімен бөлісіп, білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін дамыту бағытындағы жұмыстарды таныстырды. Атап айтқанда, университетте 13 факультет пен 27 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярланатын атап өтті.

WhatsApp Image 2026-11-05 at 17.17.39 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-05 at 17.17.39 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-05 at 17.18.01.jpeg

Сонымен қатар білім ордасының QS Arab Region University Rankings рейтингіндегі нәтижелерінің оң динамикасы таныстырылды. Семинар барысында ұсынылған мәліметтерге сәйкес, университеттің көрсеткіші 2023 жылғы 171–200 орындар аралығынан 2026 жылы 100-орынға дейін жақсарған. Бұл нәтижеге қол жеткізу тәжірибесі мен тиімді басқару тәсілдері қатысушылардың назарына ұсынылды.
Кездесу тәжірибе алмасуға, халықаралық рейтингтер бойынша өзекті мәселелерді талқылауға және екі университет арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.                  Айта кетейік, шетелдік профессор 2-9 қараша аралығында докторанттар мен профессор-оқытушылар құрамына арналған дәрістер өткізуде.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации