«ЖОО ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ -2026» КОНКУРСЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 06 қараша 2026
  • 34

«ЖОО ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ -2026» КОНКУРСЫ

Құрметті әріптестер!

 

          ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2026» конкурсын (бұдан әрі конкурс) өткізетінін хабарлайды.

          Конкурсқа қатысу үшін университеттің штаттық оқытушылары қатарынан үміткерлер өз құжаттарын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ақпараттық жүйесі арқылы тапсырады.

          ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы №124 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы туралы қағида» (бұдан әрі-Қағида) қосымша беріліп отыр.

          2026 жылдың 5-18 қараша сағат 18:00-ге дейін аралығында өтетін конкурстың І кезеңіне қатысу үшін университеттің штаттық оқытушылары қатарынан үміткерлер ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы (universitycontest2026.kz) келесі құжаттарды тапсырады:

1)    Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;

2)    Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және  сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер (нақты мерзімі көрсетілген тармақтарды қоспағанда, соңғы 5 жылдағы мәліметтер (2026, 2025, 2024, 2023, 2022 жж);

3)    Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі (2026-2027 оқу жылы);

4)    Кадрларды есепке алу жеке іс парағы;

5)    Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

        Конкурстың I кезеңі бойынша апелляция беру мерзімі 19-20 қараша аралығында өткізіледі.

       Байқаудың ІІ кезеңі 2026 жылдың 1 желтоқсанынан - 12 желтоқсан аралығында өтеді.

          Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесін қолдану бойынша нұсқаулық universitycontest2026.kz сайтында жарияланатын болады.

      Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда g.zailashova@sci.gov.kz  электрондық поштасына жолдауды немесе (87172) 74-22-84 нөміріне хабарласуды сұраймыз.

 

ЖОО ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ 2026   КОНКУРСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

ЖОО ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ 2026

 

 

 

         

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации