ПОЛИЦИЯ ПОДПОЛКОВНИГІ ӘДІЛ АСХАРҰЛЫ УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 06 қараша 2026
  • 10

ПОЛИЦИЯ ПОДПОЛКОВНИГІ ӘДІЛ АСХАРҰЛЫ УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қызылорда облысы Полиция департаменті Анықтау басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Әділ Асхарұлымен кездесу өтті.

Жиын барысында заң мен тәртіп қағидасын сақтау, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.

WhatsApp Image 2026-11-06 at 09.41.19.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-06 at 09.41.19 (2).jpeg

Басқосу жастар арасында қауіпсіз әрі құқықтық мәдениеті жоғары орта қалыптастыруға, білім алушылардың заң алдындағы жауапкершілігін түсіндіруге және құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталды.

Сондай-ақ іс-шара аясында студенттерге құқықтық нормаларды сақтаудың маңыздылығы, әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі және заң талаптарын орындаудың мәні түсіндірілді. Мұндай ашық форматтағы басқосулар жастардың құқықтық мәселелерге қатысты түсінігін кеңейтіп, заңға құрметпен қарау дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации