ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҮЗДІК IT ЖОБАЛАР АНЫҚТАЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 09 қараша 2026
  • 47

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҮЗДІК IT ЖОБАЛАР АНЫҚТАЛДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ тілін қолдануға арналған IT өнімдер» атты облыстық байқау өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – қазақ тілін күнделікті өмірде және цифрлық ортада қолдануға мүмкіндік беретін инновациялық жобаларды қолдау, жастардың IT саласындағы әлеуетін арттыру және мемлекеттік тілдегі технологиялық өнімдердің санын көбейту.

WhatsApp Image 2026-11-09 at 09.32.16.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 09.32.15.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 09.32.15 (3).jpeg

Байқауға жоғары оқу орындары мен колледждердің білім алушылары, сондай-ақ IT мамандары қатысты. Олар қазақ тілін үйренуге, қолдануға, дамытуға және насихаттауға бағытталған технологиялық жобалары мен тың идеяларын таныстырды.
Іс-шараны Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Руслан Каюпов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі қолданыс аясын кеңейтіп, мемлекеттік тілдегі заманауи IT өнімдерді дамытудың маңыздылығын атап өтті.

WhatsApp Image 2026-11-09 at 09.32.14 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 09.32.14 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 09.32.15 (2).jpeg

Қазылар алқасы жобалардың өзектілігі мен жаңашылдығына, практикалық маңызына және қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге қосатын үлесіне баса назар аударды.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды «Qaz Standart» тобы иеленді. ІІ орын «Qadam» тобына, ал ІІІ орын «Teketires» тобына бұйырды. «QazaqTube 1», «QazaqTube 2», «Qazaq MonkeyType», «GylymHUB» және «Sauatty zamandas» топтары ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

WhatsApp Image 2026-11-09 at 09.32.14 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 09.32.1411.jpeg

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, алғыс хаттар және қаржылай сыйлықтар табысталды.
Облыстық байқау жастардың шығармашылық және технологиялық ізденістеріне қолдау көрсетіп, қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі мүмкіндіктерін кеңейтуге және мемлекеттік тілдегі отандық IT өнімдерді дамытуға серпін берді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации