МЕРЕЙТОЙ ИЕСІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 09 қараша 2026
  • 38

МЕРЕЙТОЙ ИЕСІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Жаратылыстану институтының «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Мейрамбек  Мұразбековтің 60 жас мерейтойына орай ғылыми кеңес отырысы өтті.

WhatsApp Image 2026-11-09 at 11.06.33.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 11.06.31 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 11.06.32.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 11.06.31 (1).jpeg

Салтанатты басқосуда университеттің Басқарма мүшесі – әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Уәлихан Ибраев мерейтой иесін құттықтап, ректордың атынан ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ ұстазға университеттің «Үздік түлегі» медалі табысталды.

Жиында Жаратылыстану институтының директоры Гүлжас Тоқтағанова ғылыми кеңес отырысының маңызына тоқталып, мерейтой иесіне жылы лебізін білдірді. Ал «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасының жетекшісі, аға оқытушы Шеризат Қуатбеков ұстаздың өмір жолы мен еңбек қызметіне тоқталып, кәсіби жетістіктерін атап өтті.

WhatsApp Image 2026-11-09 at 11.06.31 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 11.06.32 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 11.06.31.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 11.06.32 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 11.06.33 (1).jpeg

Кездесу барысында Мейрамбек Мұразбековтің шәкірттері ән шашуын арнап, мерейтой иесіне құрмет көрсетті. Сонымен қатар университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысып, әріптестері мен ізбасарлары ізгі тілектерін жеткізіп, гүл шоқтарын табыстады.

Мерейтойлық жиын ұлағатты ұстаздың еңбегіне көрсетілген құрмет пен шәкірттерінің алғысын айшықтаған тағылымды басқосуға айналды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации