ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЗАМАНАУИ КӘСІБИ ДАҒДЫЛАРЫН ЖЕТІЛДІРДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 09 қараша 2026
  • 16

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЗАМАНАУИ КӘСІБИ ДАҒДЫЛАРЫН ЖЕТІЛДІРДІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Қызылорда облысының әкімдігі арасындағы әлеуметтік жұмыскерлерді даярлау, олардың біліктілігін арттыру бағытындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында «Әлеуметтік жұмыстың заманауи бағыттары» тақырыбында оқу-тәжірибелік курс өтті. 
Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығы ұйымдастырған курс Сырдария ауданы Отбасын қолдау орталығының әлеуметтік қызметкерлеріне арналды.  

WhatsApp Image 2026-11-09 at 11.38.55.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 11.38.56.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 11.38.57.jpeg

Оқу бағдарламасын «Экономика және басқару» білім беру бағдарламасының аға оқытушылары, экономика ғылымдарының кандидаттары Меруерт Өмірзақова мен Алмакүл Әбдімомынова, экономика ғылымдарының магистрі Ұлжан Берікболова жүргізді.
Курс барысында әлеуметтік жұмыстың қазіргі даму үрдістері мен өзекті мәселелерін қамтитын дәрістер ұйымдастырылды. 

WhatsApp Image 2026-11-09 at 11.39.41.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 11.39.40 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 11.39.40 (1).jpeg

Атап айтқанда, «Әлеуметтік жұмыс және қазіргі мәселелер», «Әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг», «Әлеуметтік жұмыстағы кейс-менеджмент» сынды тақырыптарымен қатар, отбасымен және қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жүргізу, тұрмыстық және отбасылық зорлық-зомбылық жағдайларымен жұмыс мәселелері қарастырылды.
Курстың практикалық бөлімі Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен Оңалту орталығында жалғасты.

WhatsApp Image 2026-11-09 at 11.38.57 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 11.38.57 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 11.39.40.jpeg

Орталық басшысы Манат Тлеуова мен әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман Ғалия Маханбетова тыңдаушыларды мекеменің қызмет бағыттарымен, әлеуметтік қызмет көрсету ерекшеліктерімен таныстырды.
Сондай-ақ оқу бағдарламасы аясындағы дәріс университет жанындағы Психологиялық қолдау орталығында өтті. Дәрісті магистр, аға оқытушы Сандігүл Дәрібаева жүргізіп, тыңдаушылар орталықтың қызметімен, көрсетілетін психологиялық қолдау түрлерімен танысты. 
Курсты Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының басшысы Нұрхан Әбдіхалықов қорытындылап, тыңдаушыларға сертификаттар табыстады.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации