КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 09 қараша 2026
  • 28

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Конституциялық жаңғыру: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында интерактивті құқықтық тренинг өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызын түсіндіру, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және жастардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.

WhatsApp Image 2026-11-09 at 16.19.37 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 16.19.37 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 16.19.36.jpeg

Тренингке Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкері, полиция лейтенанты Жандос Шахидинов, қаржы полициясының отставкадағы полковнигі, әділет кеңесшісі Шынтемір Дәрібаев, университеттің криминалистикалық зертханасының меңгерушісі, сарапшы-криминалист Марат Садыков және Қызылорда қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Асылжан Оразалиева қатысты.
Кездесу барысында сала мамандары конституциялық реформалардың маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң үстемдігі және құқықтық жауапкершілік мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

WhatsApp Image 2026-11-09 at 16.19.38.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 16.19.36 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 16.19.36 (2).jpeg

Тренинг интерактивті форматта ұйымдастырылып, тақырыпқа қатысты бейнематериалдар көрсетілді және құқықтық білімді бекітуге бағытталған танымдық ойындар өткізілді. Білім алушылар өз пікірлерін ортаға салып, мамандармен еркін пікір алмасты.
Іс-шара студенттердің құқықтық білімін жетілдіруге, конституциялық құндылықтар туралы түсінігін кеңейтуге және заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации