ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАР ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІМЕН ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУҒА МҮДДЕЛІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 09 қараша 2026
  • 38

ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАР ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІМЕН ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУҒА МҮДДЕЛІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов Delta ғылым және технология университетінің профессоры Тарек Эльхули Аббас Али Эльсайедпен және Түркия Республикасындағы Karabük университетінің Есептеу техникасы және информатика факультеті, Компьютерлік инженерия кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Огуз Фындыкпен кездесті.

Басқосуда халықаралық академиялық және ғылыми ынтымақтастықты нығайту, бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғылыми жарияланымдар әзірлеу және білім беру бағдарламалары аясындағы әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.

WhatsApp Image 2026-11-09 at 16.35.00 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 16.34.59 (2).jpeg

Жиында Карабюк университетінің қауымдастырылған профессоры Огуз Фындык екі жоғары оқу орны арасында ғылыми байланыс орнатуға мүдделі екенін жеткізді. Атап айтқанда, бірлескен ғылыми мақалалар әзірлеу, зерттеу жобаларын жүзеге асыру, сондай-ақ академиялық ұтқырлық аясында қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу және онлайн сабақтар ұйымдастыру жөнінде ұсыныстарын білдірді.

Сонымен қатар түркиялық ғалым Қорқыт ата университетінің ағылшын және қазақ тілдерін меңгерген оқытушыларын Карабюк университетіне жұмысқа тарту мүмкіндігін қарастыруға ниетті екенін атап өтті.

WhatsApp Image 2026-11-09 at 16.34.59 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 16.34.59.jpeg

Ал Delta ғылым және технология университетінің профессоры Тарек Эльхули Аббас Али Эльсайед Қорқыт ата университетінің халықаралық академиялық беделін арттыру бағытында бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін білдірді. Ол университеттің халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштерін жақсарту үшін ғылыми белсенділікті арттырумен қатар, цифрлық коммуникацияны дамыту, әлеуметтік желілердегі белсенділікті күшейту және университеттің халықаралық деңгейдегі танымалдығын арттыру маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ профессор екі университеттің даму көрсеткіштерін салыстыра отырып, Қорқыт ата университетінің профессор-оқытушылар құрамын халықаралық бірлескен зерттеулерге кеңінен тарту, ғалымдардың ғылыми әлеуетін қолдап, ғылыми журналдарда жарияланымдар әзірлеуге жағдай жасау қажет екендігін жеткізді. 

Кездесу қорытындысында тараптар ғылыми-зерттеу және академиялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара қызығушылық танытып, айтылған ұсыныстарды алдағы уақытта бірлесіп қарастыруға және нақты бағыттар бойынша жұмыс жүргізуге уағдаласты.

 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации