ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛҒАН СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 09 қараша 2026
  • 23

ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛҒАН СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде студенттер арасында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын спартакиада басталды. Спорттық дода студенттердің салауатты өмір салтын ұстануына, бұқаралық спортты дамытуға және жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.

WhatsApp Image 2026-11-09 at 17.02.30 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 17.02.29.jpeg

Спартакиаданың алғашқы күні студенттер үстел теннисі мен шахматтан өзара бақ сынауда. Аталған екі спорт түрі бойынша жарысқа барлығы екі ерлер командасы мен бір қыздар командасы қатысуда. Қатысушылар спорттық шеберліктерін, ептіліктері мен зияткерлік қабілеттерін көрсетіп, жеңіс үшін тартысты бәсекеге түсуде.

WhatsApp Image 2026-11-09 at 17.02.31.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 17.02.30 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-09 at 17.02.31 (1).jpeg

Айта кетейік, дәстүрлі спартакиада 9–13 қараша аралығында жалғасады. Жарыс бағдарламасына стритбол, тоғызқұмалақ, волейбол, жүзу, футзал және арқан тарту сынды спорт түрлері енгізілген.

Бес күнге созылатын спорттық шара студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, командалық рух пен өзара ынтымақтастықты қалыптастыруға мүмкіндік береді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации