Кореяның Кангвон ұлттық университетіндегі корей тілінің онлайн курсы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 10 қараша 2026
  • 133

Кореяның Кангвон ұлттық университетіндегі корей тілінің онлайн курсы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Қорқыт Ата атындағы Халықаралық байланыстар бөлімі серіктес жоғары оқу орны — Корея Республикасының Кангвон ұлттық университетінде 2027 жылғы 18–29 қаңтар аралығында өтетін жаңадан бастаушыларға арналған корей тілінің екі апталық тегін онлайн курсына өтінімдер қабылданатынын хабарлайды.

Бағдарламаға корей тіліне, Корея мәдениеті мен тарихына қызығушылық танытатын бакалавриат студенттері қатыса алады. Сабақтар ағылшын тілінде жүргізіледі (ағылшын тілі арқылы корей тілін үйрету) және дүйсенбіден жұмаға дейін жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-ден 14:00-ге дейін (Кореяның стандартты уақыты бойынша 15:00–18:00) онлайн форматында өтеді. Сабақтарға қатысып, жалпы бағдарламаның кемінде 70%-ын орындаған студенттерге сертификат беріледі.

Үміткерлер білім алушының толық мәліметтері көрсетілген (институты, мамандығы, тобы, паспорт деректері, телефоны, тұрғылықты мекенжайы, электронды поштасы) ЖОО басшысының атына жазылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті өткізуі тиіс.

Өтінімдер 2026 жылғы 20 қарашаға дейін Қорқыт Ата атындағы Халықаралық байланыстар бөлімінде мына мекенжай бойынша қабылданады: Қызылорда қ., Әйтеке би көшесі, 29-А, бас оқу ғимараты, 2-қабат, 224-кабинет, тел.: 26-29-57.

 

Қорқыт Ата атындағы  Халықаралық байланыстар бөлімі

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации