«СЕРГЕКТІК ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ-2026»: СТУДЕНТТЕР СТРИТБОЛ МЕН ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН БАҚ СЫНАДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 10 қараша 2026
  • 50

«СЕРГЕКТІК ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ-2026»: СТУДЕНТТЕР СТРИТБОЛ МЕН ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН БАҚ СЫНАДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Сергектік және денсаулық-2026» дәстүрлі спартакиадасы аясында студенттер арасындағы спорттық жарыстар жалғасуда.

Спартакиада бағдарламасы бойынша студенттер стритбол мен тоғызқұмалақтан ерлер және қыздар арасында өзара бақ сынап, спорттық шеберліктерін көрсетуде.

WhatsApp Image 2026-11-10 at 17.21.37 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-10 at 17.21.36.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-10 at 17.21.37 (1).jpeg

Спорттық бәсекелер қатысушылардың ептілігі мен шапшаңдығын, логикалық ойлау қабілеті мен стратегиялық шеберлігін шыңдауға бағытталған.

Дәстүрлі спартакиада студент жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға және жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

WhatsApp Image 2026-11-10 at 17.21.37.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-10 at 17.21.36 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-10 at 17.21.36 (2).jpeg

Спартакиада 13 қараша күні қорытындыланып, үздік нәтиже көрсеткен командалар мен жүлдегерлер арнайы марапатталады.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации