ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ СТУДЕНТТЕРМЕН ТӘЖІРИБЕ БӨЛІСТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 10 қараша 2026
  • 39

ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ СТУДЕНТТЕРМЕН ТӘЖІРИБЕ БӨЛІСТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күніне орай қонақ дәріс ұйымдастырылды. 

Танымдық дәрісте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандары өз тәжірибелерімен бөлісті. 

WhatsApp Image 2026-11-10 at 17.38.41 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-10 at 17.38.40.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-10 at 17.38.41.jpeg

Атап айтқанда, Экономикалық талдау және статистика бөлімінің басшысы Акмарал Алибекова еліміздің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары мен экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызы туралы баяндады.                                                                                                                                                                                                             
Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімінің басшысының орынбасары Индира Жанысқызы Қазақстан Республикасындағы қолма-қол ақша айналымының ерекшеліктеріне тоқталып, «Сақ стилі» банкноттарының жаңа дизайны жөнінде ақпарат берді.

WhatsApp Image 2026-11-10 at 17.38.41 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-10 at 17.38.41 (3).jpeg

Дәріс барысында қатысушылар ақша-несие саясаты, инфляцияны реттеу тетіктері, ұлттық валютаның айналымы мен жаңа банкноттардың ерекшеліктері туралы маңызды мәліметтер алды. Сонымен қатар студенттер сала мамандарына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби тұрғыда құнды ақпаратпен алмасты.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации