ҚАУІПСІЗ ОРТА – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 11 қараша 2026
  • 33

ҚАУІПСІЗ ОРТА – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында №3 студенттер үйінің тұрғындарымен «Қауіпсіз орта – ортақ жауапкершілік» тақырыбында кездесу өтті.
Жиынға университеттің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Уәлихан Ибраев және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

WhatsApp Image 2026-11-11 at 10.37.04.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-11 at 10.37.03.jpeg

Кездесу барысында студенттер үйіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен жеке жауапкершілігін арттырудың маңыздылығы атап өтілді.

WhatsApp Image 2026-11-11 at 10.37.04 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-11 at 10.37.04 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-11 at 10.37.04 (3).jpeg

Жиын соңында студенттер мамандарға өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.
Айта кетейік, 9-13 қараша аралығында университеттің барлық студенттер үйінде құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен осындай кездесулер өткізіледі. Іс-шаралар білім алушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және жастардың заңға құрметін арттыруға бағытталған.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации