СТУДЕНТТЕРГЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІ ТҮСІНДІРІЛДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 11 қараша 2026
  • 15

СТУДЕНТТЕРГЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында болашақ заңгерлерге арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Кездесуге Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Майра Тұрлыбекқызы, Экономика және құқық институты директорының орынбасары Әлия Мүйденова қатысты. Кәсіби маман студенттерге қаржылық пирамидалардың, интернет-алаяқтықтың және лудоманияның алдын алу мәселелері бойынша кеңінен түсіндірді.

WhatsApp Image 2026-11-11 at 11.00.30 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-11 at 11.00.30 (1).jpeg

Аталған құқықбұзушылықтардың қоғамға, жеке тұлғаларға және олардың қаржылық жағдайына тигізетін кері әсеріне тоқталып, азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру мен күмәнді қаржылық ұсыныстардан сақ болудың маңыздылығын атап өтті. 

Сонымен қатар, ол өзінің кәсіби қызметіндегі тәжірибесімен бөлісіп, студенттердің сауалдарына жауап берді. Кездесу барысында тақырыпқа қатысты арнайы бейнеролик көрсетіліп, қаржылық алаяқтықтың түрлі жолдары мен одан сақтану шаралары нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.

WhatsApp Image 2026-11-11 at 11.00.30.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-11 at 11.00.29.jpeg

Ашық форматта өткен басқосу еркін пікір алмасуға ұласып, студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қажетті ақпарат алды.

Айта кетейік, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өкілдері университет студенттері арасында қаржылық қауіпсіздік бағытында жыл сайын тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации