ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ STARTUP BATTLE БАЙҚАУЫНДА ТОП ЖАРДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 12 қараша 2026
  • 9

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ STARTUP BATTLE БАЙҚАУЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Жасанды интеллект институтының 2-курс студенті Нұрдәулет Дүзенов STARTUP BATTLE стартап жобалар байқауында бірінші орынды иеленді. Ол ауыл шаруашылығына арналған AgriX жасанды интеллект көмекшісі жобасын таныстырып, 200 000 теңге көлеміндегі бас жүлдеге ие болды.

Байқауды Kyzylorda Hub пен Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы бірлесіп ұйымдастырды. Басты мақсат – жастардың инновациялық идеяларын қолдау, технологиялық жобаларын дамыту және перспективалы әзірлемелерін көпшілікке таныстыру.

AgriX – ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді жасанды интеллект көмегімен шешуге бағытталған жоба. Нұрдәулеттің әзірлемесі аграрлық салаға заманауи технологияларды енгізу арқылы шаруашылық жұмыстарының тиімділігін арттыруды көздейді.

WhatsApp Image 2026-11-12 at 09.49.03.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-12 at 09.49.041.jpeg

Байқауға қатысу үшін 40-тан астам өтінім түсіп, іріктеу нәтижесінде 28 жоба финалдық кезеңге өтті. Қатысушылар өз идеяларын таныстырып, жобаларының ерекшеліктері мен жүзеге асыру мүмкіндіктерін ұсынды. 

Жобаларды кәсіпкерлік және цифрлық технологиялар саласының өкілдерінен құралған қазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасының төрағасы – «ADAM GROUP INC» ЖШС басшысы Ғалымжан Молдабеков. Сондай-ақ оның құрамында «Venera Print» ЖШС басшысы, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Венера Даулетбаева және Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының бас маманы Темірхан Мұқанғали болды.

Байқаудың екінші орнын №23 Жалел Қизатов атындағы мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Қорқыт Жәлидің «Уақыт формуласы» жобасы иеленді. Жоба әлеуметтік желі қолданушыларын пайдалы әдет қалыптастыруға ынталандыруды көздейді. Жоба авторына 150 000 теңге табысталды.

Үшінші орын Е. Әуелбекова атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Нұрислам Болатұлының Qadam жобасына бұйырды. Бұл – жасанды интеллект көмекшісі бар қазақ тілін үйрену платформасы. Жоба «Күніне бір қадам» қағидатына негізделіп, тілді күнделікті шағын тапсырмалар арқылы меңгеруге бағытталған.

WhatsApp Image 2026-11-12 at 09.49.04 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-12 at 09.49.04 (2).jpeg

Байқаудың жалпы жүлде қоры 450 000 теңгені құрады.

STARTUP BATTLE – өңірдегі стартап мәдениетін дамытуға, жастардың кәсіпкерлік және технологиялық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды алаң. Мұндай бастамалар жас әзірлеушілерге өз идеяларын нақты жобаға айналдырып, тәжірибелі мамандардан кері байланыс алуға мүмкіндік береді.

Kyzylorda Hub алдағы уақытта да өңірдің стартап-экожүйесін дамыту, жас кәсіпкерлер мен әзірлеушілерді қолдау, технологиялық бастамаларға жағдай жасау және перспективалы жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсету жұмыстарын жалғастырады.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации