Қызылордада «Road show Enactus Kazakhstan 2022» республикалық форумы өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 12 қазан 2022
  • 1639

Қызылордада «Road show Enactus Kazakhstan 2022» республикалық форумы өтті

Халықаралық Enactus ұйымы Қызылордада «Road show Enactus Kazakhstan» республикалық форумын ұйымдастырды. Ауқымды жиынға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім алушылары, мектеп оқушылары, жас кәсіпкерлер қатысып, инновациялық жобаларымен таныстырды.

Форум аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ректорының міндетін атқарушы Нұрлан Уразбаев пен Enactus Kazakhstan қорының президенті Альбина Ержанова ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Алдағы уақытта меморандум шеңберінде жастардың кәсіпкерлік әлеуетін дамытатын жобалар жүзеге асады.

Республикалық форумда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнұр Бөрібаева оқу орнында бизнес бастағысы келетін жастарға мол мүмкіндік қарастырылғанын атап өтті.

Университетте студенттер арасында кәсіпкерлікті дамыту, тың идеяларына қолдау көрсету мақсатында кәсіпкерлік орталығы жұмыс істейді.  Кәсіпкерлікті дамыту бойынша осы кезге дейін «Startup Bolashak. Menin armanym» жобасы, «Zhas project» бағдарламасы, «HackDay» және «Smart city Kyzylorda» хакатондары және басқа да ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Орталық бес жыл ішінде 7 мыңнан астам жасқа бағыт-бағдар берді. Қазіргі уақытқа дейін инкубатордан 89 резидент-түлек шығып, жалпы 70 миллионға жуық қаржы тартылды, – деді Майнұр Әбілтайқызы.

Мұнан бөлек жиында Enactus Kazakhstan қорының президенті Альбина Ержанова, жоба директоры Маржан Жанғали презентациямен таныстырып, алдағы жоспарлар, оқушылар мен студенттерге арналған жаңа мүмкіндіктерді айтты.

Ал, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіндегі кәсіпкерлік орталығының жетекшісі Жанарыс Түбекбаев бизнес идеяны жүзеге асыру, инвестор тарту жолдарын түсіндірді.

Айта кету керек, Enactus – кәсіпкерлік мүмкіндігін сынап көргісі келетін студенттер және іскер көшбасшылардың басын біріктіретін халықаралық коммерциялық емес ұйым.

«Road show Enactus Kazakhstan» республикалық форумы Қазақстанның 5 қаласында өтеді. Форумның алғашқы легі 29 қыркүйек күні Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұйымдастырылып, оған  жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.   

IMG_9584.jpg

IMG_9726.jpg

IMG_9634.jpg

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...