ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: СТУДЕНТТІК ТЕАТР ҚҰМАР ОЙЫНҒА ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ ЗАРДАБЫН САХНА ТІЛІМЕН ЖЕТКІЗДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 12 қараша 2026
  • 41

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: СТУДЕНТТІК ТЕАТР ҚҰМАР ОЙЫНҒА ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ ЗАРДАБЫН САХНА ТІЛІМЕН ЖЕТКІЗДІ

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Жауқазын» студенттік театрының «Сенің кезегің…» атты авторлық трагедиялық қойылымы сахналанды. Қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі – құмар ойынға тәуелділіктің алдын алу тақырыбын арқау еткен туынды адамның жеке өміріне, отбасылық құндылықтарға және қоғамдық ортаға тигізетін кері әсерді көрермен назарына ұсынды.

WhatsApp Image 2026-11-12 at 10.46.10 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-12 at 10.46.10 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-12 at 10.46.10 (2).jpeg

Қойылым желісінде құмар ойынның жетегінде кеткен адамның тағдыры, психологиялық күйзелісі, жақындарымен қарым-қатынасының бұзылуы және өз әрекетінің салдарына жауапкершілікпен қарау мәселелері көркем бейнеленді.

Бүгінде құмар ойынға тәуелділіктің алдын алу – жастар тәрбиесіндегі маңызды бағыттардың бірі. Осы тұрғыдан алғанда, қойылым әлеуметтік мәселені өнер тілімен жеткізіп қана қоймай, көрерменді оның салдары туралы ойлануға шақырды. Сонымен қатар жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және қоғам алдындағы жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік мәнімен ерекшеленді.

WhatsApp Image 2026-11-12 at 10.48.13 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-12 at 10.46.11.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-12 at 10.46.11 (1).jpeg

Қойылым соңында университеттің Басқарма төрағасы – Ректоры Наурызбай Байқадамов пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Хұсейін Әмір-Темір сөз сөйлеп, қойылымның тәрбиелік маңызына тоқталды.

Университетте студенттердің қоғамдық өмірге белсенді араласуына, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған жастар ұйымдарының қызметіне ерекше мән беріледі. Қазіргі таңда оқу орнында 22 жастар ұйымы жұмыс істейді. Олардың құрамында 3 мыңнан астам белсенді студент бар.

WhatsApp Image 2026-11-12 at 10.46.09 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-12 at 10.48.13.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-12 at 10.46.11 (2).jpeg

Солардың бірі – 40-қа жуық білім алушының басын біріктірген «Жауқазын» студенттік театры. Театр ұжымы осы уақытқа дейін «Шәмші сүйген Изольда», «Қарагөз», «Қош, махаббат!», «Махаббат мұнарасы», «Мәңгілік бала бейне», «Шолпанның күнәсі» және басқа да қойылымдарды сахналаған.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации