БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ СТУДЕНТТЕРІ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 12 қараша 2026
  • 7

БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ СТУДЕНТТЕРІ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасының студенттері арасында ант қабылдау рәсімі өтті.

Салтанатты шарада 64 студент болашақ маман ретінде өздеріне жүктелген міндеттерді адал атқаруға, университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, профессор-оқытушылар құрамының оқу тапсырмаларын бұлжытпай орындауға және таңдаған мамандығының жауапкершілігін абыроймен көтеруге ант берді.

WhatsApp Image 2026-11-12 at 16.53.57 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-12 at 16.53.57.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-12 at 16.53.58 (1).jpeg

Студенттер университет мүлкіне ұқыптылықпен қарауға, білім беру бағдарламасын жүйелі әрі тиянақты меңгеруге және кәсіби даярлық барысында табандылық танытуға уәде етті.

Ант қабылдау рәсіміне «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, PhD докторы Талант Бимаханов, профессор-оқытушылар мен студенттер қатысты. 

WhatsApp Image 2026-11-12 at 16.53.58 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-12 at 16.53.58.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-12 at 16.53.59.jpeg

Аталған рәсім студенттердің бойында отансүйгіштік рухты, әскери тәртіп пен жауапкершілікті, ұйымшылдық пен кәсіби міндеттерге адалдықты қалыптастыруға бағытталды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации