ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІНЕ ОРАЙ FREEDOM FINANCE ӨКІЛІ СТУДЕНТТЕРГЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 12 қараша 2026
  • 2

ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІНЕ ОРАЙ FREEDOM FINANCE ӨКІЛІ СТУДЕНТТЕРГЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Ұлттық теңге – қаржылық тәуелсіздік нышаны» апталығы аясында «Қаржы, есеп және аудит» білім беру бағдарламасының ұйымдастыруымен «Продукты инвестиций» тақырыбында қонақ дәріс өтті.

Кездесуге Freedom Finance Global PLC компаниясының Relationship Manager маманы Эльвира Казбекова спикер ретінде шақырылды.

WhatsApp Image 2026-11-12 at 17.23.27.jpeg

Дәріс барысында қаржы әлеміндегі заманауи бағыттар, инвестициялық мүмкіндіктер, қаржылық құралдарды дұрыс таңдау және жеке қаржыны тиімді басқару мәселелері талқыланды. Спикер инвестициялық өнімдердің ерекшеліктері туралы ақпарат беріп, қаржылық сауаттылықты арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі маманнан пайдалы ақпарат алды.

Мұндай кездесулер студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыруға, инвестиция саласындағы білімін кеңейтуге және теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации