ТҮРКИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 12 қараша 2026
  • 40

ТҮРКИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Халықаралық «Орда» жоғары колледжінің 25 жылдық мерейтойына орай өңірге келген Түркиялық білім беру ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті.
Жиынға Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Дана Абдрашева, Аппарат басшысы Тайыржан Искаков, Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Наргүл Сақтағанова, Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Уәлихан Ибраев, Халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Шерхан Бітімбай, сондай-ақ Халықаралық «Орда» жоғары колледжінің директоры Алайдар Сейтжанов қатысты.

WhatsApp Image 2026-11-12 at 17.18.53.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-12 at 17.18.53 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-12 at 17.18.53 (3).jpeg

Түркиялық делегация құрамында Эскишехир ұйымдасқан өнеркәсіп аймағы жекеменшік кәсіптік-техникалық Анадолы лицейінің директоры Бүлент Сегмен және мұғалімі Айтач Мехмет Бурхан, Жемал Мүмтаз әлеуметтік ғылымдар лицейінің директоры Метин Эркмен мен мұғалімдері Эмруллах Ақсақал және Айше Гүмүш, Мехмет Шенгүл жаратылыстану ғылымдары лицейі директорының орынбасары Есин Мунган мен мұғалімі Сердар Айналы, сондай-ақ үйлестіруші мұғалім Метин Ердоған болды.

WhatsApp Image 2026-11-12 at 17.18.54 (1).jpeg     WhatsApp Image 2026-11-12 at 17.18.54 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-12 at 17.18.52.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-12 at 17.18.52 (1).jpeg

Кездесу барысында Дана Абдрашева қонақтарды университеттің тарихымен, білім беру бағыттарымен және оқу орнының даму басымдықтарымен таныстырды.
Тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту, педагогтердің өзара тәжірибе алмасуын ұйымдастыру және бірлескен жаппай ашық онлайн курстарды (MOOC) әзірлеу мәселелерін талқылады.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации