ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ «ECOTHON–2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХАКАТОНЫНДА І ОРЫН ИЕЛЕНДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 13 қараша 2026
  • 78

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ «ECOTHON–2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХАКАТОНЫНДА І ОРЫН ИЕЛЕНДІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 3-курс студенттері Досымжан Бақытұлы мен Еркебұлан Сансызбай «Ecothon–2026» халықаралық экологиялық форум-хакатонында І орын иеленді.
Университет студенттері Қызылорда облысының атынан «Сырдың соңғы тамшысы: Аралды қайта толтыру» жобасын таныстырды. Жоба Сырдария суын тиімді пайдалану, Арал теңізінің экологиялық жағдайын жақсарту және өңірдің табиғи ресурстарын сақтауға бағытталған.
Халықаралық шараға Қазақстанның қалаларынан, сондай-ақ Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Бангладеш, Йемен, Ауғанстан және Пәкістан елдерінен барлығы 18 команда қатысты. Қатысушылар өзекті экологиялық мәселелерді шешуге арналған жобалары мен тың идеяларын ұсынды.

WhatsApp Image 2026-11-13 at 09.49.12.jpeg
Форумның мақсаты – экологиялық волонтерлікті дамыту, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды сақтау мәселелеріне қоғам назарын аудару, жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және экологиялық бастамаларды қолдау. Сонымен қатар іс-шара халықаралық тәжірибе алмасуға, өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.
Форум аясында «Су», «Жер», «Ауа» және «Жарық» бағыттары бойынша пікірталас алаңдары, сараптамалық сессиялар мен тәжірибе алмасу кездесулері өтті. Сондай-ақ экологиялық бастамаларды әзірлеуге бағытталған хакатон ұйымдастырылып, үздік жобалар анықталды.
Студенттерімізді жеңісімен құттықтап, алдағы бастамаларына сәттілік тілейміз!


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации