БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАҒДЫЛАРЫ ЖЕТІЛДІРІЛДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 13 қараша 2026
  • 6

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАҒДЫЛАРЫ ЖЕТІЛДІРІЛДІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» бірлесіп, «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламасының 4-курс білім алушыларына арналған семинар-практикум өтті.

«Мәтіннен концептуалды талдауға: оқылым стратегияларын тиімді қолдану жолдары» тақырыбындағы семинарды Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығы ұйымдастырды. Семинарды «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Жанар Аманжолқызы жүргізді.

WhatsApp Image 2026-11-13 at 16.39.11 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-13 at 16.39.11.jpeg

Семинар барысында болашақ педагогтердің мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, оқылым стратегияларын тиімді қолдану және білім алушылардың мәтінді терең түсіну мен талдау құзыреттерін дамыту мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар мәтіннің астарлы мағынасын ашу, негізгі идеясын анықтау, авторлық ұстанымды саралау және сыни көзқараспен талдау дағдылары жан-жақты түсіндірілді.

WhatsApp Image 2026-11-13 at 16.39.10 (1).jpeg

Практикалық бөлімде қатысушылар белсенді оқылымға бағытталған тапсырмаларды орындап, мәтінді түсініп, талдап, іріктеп және зерттеп оқу стратегияларын меңгерді. Сондай-ақ мәтіннің мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктерін анықтау, негізгі концептілерді айқындау және метаталдау жасау әдістері бойынша жұмыстар жасады.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации