«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – САЛАУАТТЫ ҚОҒАМ НЕГІЗІ»: СПАРТАКИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 13 қараша 2026
  • 28

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – САЛАУАТТЫ ҚОҒАМ НЕГІЗІ»: СПАРТАКИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Заң мен тәртіп – салауатты қоғам негізі» тақырыбында 1-курс білім алушылары арасында дәстүрлі спартакиаданың жабылу рәсімі өтті.

Бес күнге созылған спорттық додада университеттің 6 институтынан құралған командалар спорттың 8 түрі бойынша өзара бақ сынады. Білім алушылар үстел теннисі, шахмат, стритбол, тоғызқұмалақ, волейбол, футзал, жүзу және арқан тарту жарыстарына қатысты.

WhatsApp Image 2026-11-13 at 18.01.25.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-13 at 17.55.57 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-13 at 17.55.57.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-13 at 17.57.38.jpeg

Салтанатты шарада университеттің Басқарма мүшесі – Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Уәлихан Ибраев жеңімпаздарды марапаттау рәсімін ашты. 

Спартакиада аясында команданың үздік жетекшісі және команданың үздік төрешілері номинациялары бойынша да үздіктер марапатталды.

WhatsApp Image 2026-11-13 at 18.01.23 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-13 at 18.01.23 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-13 at 18.01.23.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-13 at 18.01.22.jpeg

Дәстүрлі спартакиаданың жалпы командалық қорытындысы бойынша III орынды Жаратылыстану институты, II орынды Жасанды интеллект институты, I орынды Гуманитарлық-педагогикалық институты иеленді.

Спартакиада білім алушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға және институттар арасындағы достық байланысты нығайтуға бағытталды.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации