Оңтүстік Кореяның Янгвун қорының стипендиялық бағдарламасы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 16 қараша 2026
  • 114

Оңтүстік Кореяның Янгвун қорының стипендиялық бағдарламасы

Халықаралық байланыстар бөлімі Оңтүстік Кореяның Янгвун стипендиялық қорының (Yangwoon Scholarship Foundation) стипендиясын алуға конкурс жариялайды. Қор 2026–2027 оқу жылына Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұлты кәріс бакалавриат студенттерінен өтінімдер қабылдайды.

Оңтүстіккореялық Hanshin Machinery Co., Ltd. компаниясы қолдау көрсететін қор бұған дейін Гуманитарлық-педагогикалық институттың корей бөлімі студенттеріне стипендия тағайындап келген. 2026–2027 оқу жылынан бастап қор бағдарламаны кеңейтіп, «машина жасау», «электр техникасы» және осыған сабақтас бағыттар бойынша білім алатын студенттерді де қамтиды.

Үміткерлерге қойылатын талаптар Қазіргі уақытта Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде «машина жасау», «электр техникасы» және сабақтас бағыттар бойынша оқитын ұлты кәріс бакалавриат студенттері.

Стипендияның артықшылықтары Іріктелген студенттерге оқу ақысын төлеуге қаржылай қолдау көрсетіледі және университетті бітіргеннен кейін Корея Республикасындағы Hanshin Machinery Co., Ltd. компаниясында жұмысқа орналасу мүмкіндігі беріледі.

Өтінім қабылдау мерзімі 2026 жылғы 16 қараша (дүйсенбі) мен 19 қараша (бейсенбі) аралығы.

Өтінім беру тәртібі Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруге қажетті материалдарды алу мақсатында төменде көрсетілген электрондық поштаға хат жолдауыңызды сұраймыз.

Өтінімдерді қабылдауды және кеңес беруді Шетел тілдері және аударма кафедрасының корей тілі оқытушысы Сон Юха мырза (Song Yuha) жүзеге асырады, e-mail: anaexe@hanmail.net

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации