ЖАСТАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ: GOVTECH HACKATHON ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 16 қараша 2026
  • 47

ЖАСТАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ: GOVTECH HACKATHON ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Kyzylorda Hub алаңында мемлекеттік басқару саласындағы өзекті мәселелерді цифрлық технологиялар арқылы шешуге бағытталған GOVTECH HACKATHON өтті.

Екі күнге созылған ауқымды іс-шараға 100-ден астам қатысушы қатысып, қазылар алқасына 48 жоба ұсынылды. Хакатон барысында жастар мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, басқару үдерістерін оңтайландыруға бағытталған тың идеяларын ортаға салып, өз жобаларын сарапшылар алдында қорғады.

Байқаудың басты мақсаты – заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге үлес қосатын инновациялық шешімдерді әзірлеу және жас IT-мамандардың шығармашылық әлеуетін қолдау.

WhatsApp Image 2026-11-16 at 17.56.04.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-16 at 17.56.04 (3).jpeg

Қатысушылар ұсынған жобалар қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, азық-түлік бағаларын бақылау, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өзге де қоғамдық маңызы бар бағыттарды қамтыды.

Жобаларды цифрландыру және IT саласының білікті мамандарынан құралған қазылар алқасы бағалады. Оның құрамында Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының бас маманы Темірхан Мұқанғали, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің AI Office басшысы Айбек Оразбахов және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің байланыс басқармасының басшысы Алтынбек Ақмамбетов болды.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Қызылорда облысының Е. Әуелбеков атындағы №4 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Нұрислам Ғали әзірлеген TrashSTOP жобасы иеленді. Жоба Қызылорда қаласының тазалығы мен жасыл қорын басқаруға арналған цифрлық платформаны ұсынады. Оның негізгі мақсаты – экологиялық мәселелерді бақылау және қаланы көгалдандыру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру. Жеңімпаз 400 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды.

WhatsApp Image 2026-11-16 at 17.56.04 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-16 at 17.56.04 (1).jpeg

Екінші орын Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Жасанды интеллект институтының студенттері әзірлеген AdilBaga жобасына бұйырды. Команда капитаны Елжан Сейдалы бастаған топ азық-түлік өнімдерінің бағасын бақылауға арналған цифрлық платформаны таныстырды. Жоба тұрғындарға тауар бағаларын салыстырып, қадағалауға, ал мемлекеттік органдарға нарықтағы ахуалды жедел талдауға мүмкіндік береді. Команда 350 000 теңге көлемінде сыйақы алды.

Үшінші орынды Нұрбол Айдар бастаған команда ұсынған TUTINGUARD жобасы иеленді. Команда мүшелері Шұғыла Қалыбекова мен Бексұлтан Жарылқап өрт қауіпсіздігін басқаруға арналған интеллектуалды жүйені әзірледі. Жоба авторлары 250 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Хакатонның жалпы жүлде қоры 1 миллион теңгені құрады.

Сонымен қатар, бұл іс-шара жас әзірлеушілерге өз идеяларын нақты өнімге айналдырып, кәсіби мамандардан тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации