ОБЛЫС ӘКІМІ СТУДЕНТТЕРГЕ ЛЕКЦИЯ ОҚЫДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 17 қараша 2026
  • 9

ОБЛЫС ӘКІМІ СТУДЕНТТЕРГЕ ЛЕКЦИЯ ОҚЫДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаевтың «Жаңа дәуір жастары: білім, жасампаздық, жауапкершілік» тақырыбында лекциясы өтті. Лекция барысында аймақ басшысы «Заң мен тәртіп» қағидаты, «Таза Қазақстан», «Адал азамат», «Толық адам» концепциялары және «Кітап оқитын ұлт» қалыптастыру мәселелері бойынша өз ойларымен бөлісіп, жастарды осы бағыттағы бастамаларға белсенді атсалысуға шақырды. Сондай-ақ еліміздің бүгінгі даму бағдары, алдағы мақсат-міндеттері, облыста жастарға жасалып жатқан мүмкіндіктер мен жоспарларға тоқталды. 

WhatsApp Image 2026-11-17 at 20.47.39 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-17 at 20.47.39.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-17 at 20.47.39 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-17 at 20.47.58 (1).jpeg

Іс-шара аясында университет студенттерінің ғылыми және шығармашылық жетістіктері мен жобалары таныстырылды. Қазіргі таңда университетте 35 студенттік үйірме жұмыс істейді. Бүгінгі кездесуде олардың 15-і өз жобаларын ұсынып, ғылыми ізденістері мен шығармашылық жұмыстарын таныстырды.

WhatsApp Image 2026-11-17 at 20.47.45.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-17 at 20.47.45 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-17 at 20.47.56 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-17 at 20.48.08.jpeg

Сондай-ақ Халықаралық студенттер күніне орай университеттің бірқатар белсенді әрі дарынды білім алушылары Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Марапатталғандар қатарында Қазақстан Республикасының спорт шебері, ұлттық құрама мүшесі, 7 дүркін Қазақстан чемпионы, Азия чемпионы және әлем рекордшысы Асылхан Айсалбаев, Президенттік стипендия иегері Назерке Бақытбек, «Еркіндік рухы» республикалық Жастар құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі Алиислам Байхадам, республикалық және облыстық өнер байқауларының жүлдегері Әнел Айтжанбек, 2026 жылы Польшаның Бельско-Бяла қаласында өткен WKF каратэден әлем чемпионатының алтын жүлдегері, Қазақстан Республикасының спорт шебері Сұңқар Қанибек және STARTUP BATTLE технологиялық стартаптар байқауында AgriX жобасымен I орын, Kyzylorda Idea Battle байқауында MoveLink жобасымен II орын иеленген Нұрдәулет Дүзенов бар.

WhatsApp Image 2026-11-17 at 20.47.59 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-17 at 20.47.58.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-17 at 20.48.02 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-17 at 20.48.04.jpeg

Лекция соңында білім алушылар облыс әкіміне өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Ашық форматта өткен жүздесу студенттерге өңір басшысымен тікелей пікір алмасып, өз ойларын ортаға салуға мүмкіндік берді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации