ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС – ОРТАҚ МІНДЕТ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 18 қараша 2026
  • 15

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС – ОРТАҚ МІНДЕТ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастар арасында өзекті әлеуметтік мәселелердің алдын алуға бағытталған тренинг өтті. 
«Биология, география және химия» білім беру бағдарламасының білім алушылары, институт белсенділері 1-курс студенттері арасында «Лудомания, буллинг, онлайн-алаяқтық және құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

WhatsApp Image 2026-11-18 at 11.33.11 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-18 at 11.33.11.jpeg

Тренингтің негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтық және ақпараттық сауаттылығын арттыру, лудомания, буллинг пен интернет-алаяқтықтың зиянды салдарын түсіндіру, сондай-ақ құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу жолдарын насихаттау.

WhatsApp Image 2026-11-18 at 11.33.11 (2).jpeg

Кездесу барысында университеттің Психологиялық орталығының қызметкерлері қатысып, аталған мәселелер бойынша өз ой-пікірлерімен бөлісті. 
Тренинг барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, тақырып аясында пікір алмасты. Сонымен қатар қоғамда кеңінен таралып отырған әлеуметтік қауіп-қатерлерге бейжай қарамай, олардың алдын алуда әрбір азаматтың жауапкершілігі жоғары екені атап өтілді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации