ҚОС ДИПЛОМДЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 18 қараша 2026
  • 59

ҚОС ДИПЛОМДЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов Мәскеу авиациялық институтының оқу жұмысы жөніндегі проректоры Дмитрий Козорез және Байқоңыр қаласындағы «Восход» филиалы директорының міндетін атқарушы Нұржан Набатовпен кездесті.
Кездесу барысында жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, қос дипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыру және аталған бағдарлама бойынша білім алушыларды қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

WhatsApp Image 2026-11-18 at 18.02.58.jpeg

Тараптар білім беру бағдарламаларын өзара үйлестіру, оқу үдерісін ұйымдастыру және талапкерлерге кәсіби бағдар беру бағыттары бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ студенттерді қабылдау мен алдағы бірлескен жұмыстардың негізгі бағыттары қарастырылды.
Кездесуге университеттің Басқарма мүшелері – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Дана Абдрашева, Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Наргүл Сақтағанова және Халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Шерхан Бітімбай қатысты.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации