ХАБАРЛАНДЫРУ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 23 қараша 2026
  • 15

ХАБАРЛАНДЫРУ

120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29А мекенжайында орналасқан «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ бос лауазымына конкурс жариялайды.

Ішкі аудит қызметі – Қоғамда ішкі аудитті ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бақылау органы. Қызмет Қоғамның Жалғыз акционері мен Директорлар кеңесін қоспағанда, үшінші тұлғалардың ықпалынан тәуелсіз, Қоғамның Директорлар кеңесіне тікелей бағынады және оған есеп береді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1.       Экономика және қаржы және (немесе) бухгалтерлік есеп және аудит және (немесе) қаржылық менеджмент және (немесе) қаржы және кредит саласында жоғары кәсіптік білімінің болуы. Ақпараттық технологиялар және (немесе) техникалық сала және (немесе) құқықтану саласында қосымша білімінің болғаны құпталады.

2.       Аудит және (немесе) бухгалтерлік есеп және (немесе) қаржы саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

3.       Басшылық лауазымда кемінде 2 (екі) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

4.       Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және салық салу мәселелері бойынша актілерді білуі.

5.       Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын (ҚЕХС), Ішкі аудиторлар институты (IIA) әзірлеген ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарын және Аудиттің халықаралық стандарттарын (АХС) білуі.

6.       Төмендегі құжаттардың бірімен немесе бірнешеуімен расталатын қосымша арнайы даярлығының болуы

o    Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» Заңына сәйкес алынған «аудитор» біліктілік куәлігі

o    ішкі аудит саласындағы CIA (Certified Internal Auditor) сертификаты

o    ACCA (Association of Chartered Certified Accountants) ант берген бухгалтер сертификаты

o    DipIFR (Diploma in International Financial Reporting) дипломы

o    CIPA (Certified International Professional Accountant) халықаралық кәсіби бухгалтер сертификаты

o    DipPIA (Diploma in Professional Internal Audit) дипломы

Мемлекеттік тілді және бір немесе бірнеше шет тілін меңгергені құпталады.

 

     Конкурсқа қатысуға мына тұлғалар жіберілмейді:

1.   25 (жиырма бес) жасқа толмаған тұлғалар.

2.   Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған тұлғалар.

3.   Сотталғандығы өтелмеген немесе алып тасталмаған тұлғалар.

4.   Мамандандырылған медициналық мекемелерде есепте тұрған тұлғалар.

5.   Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда тұлғалар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

 

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

1.        белгіленген нысандағы өтініш

2.        конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

3.        конкурсқа қатысушының 3 × 4 см өлшеміндегі түрлі түсті фотосуреті қоса берілген, белгіленген нысандағы қызметтік тізімі

4.        білімі туралы құжаттардың және олардың қосымшаларының көшірмелері, сондай-ақ салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары

5.        қазіргі немесе соңғы жұмыс орнының кадр қызметі куәландырған, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі

6.        денсаулық жағдайы туралы № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)

7.        мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес психоневрологиялық ұйым құжаттар ұсынылатын күнге дейінгі бір жыл ішінде берген анықтама

8.        мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес наркологиялық ұйым құжаттар ұсынылатын күнге дейінгі бір жыл ішінде берген анықтама

9.        қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымды атқаруға тыйым салынбағанын растайтын құжат

10.   аудит және (немесе) есеп және қаржылық менеджмент саласында сертификатының және (немесе) біліктілігінің болуы, мемлекеттік тілді және бір немесе бірнеше шет тілін білуі.

 

Үміткерлердің құжаттары конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29А, 202-кабинет мекенжайы бойынша Корпоративтік хатшыға ұсыну қажет. Байланыс телефоны — 8-777-611-71-12. Электрондық пошта — Eldana@korkyt.kz.

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации