ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ӨНДІРІСТІК ҚАЛДЫҚТАРДАН ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛЫН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 23 қараша 2026
  • 21

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ӨНДІРІСТІК ҚАЛДЫҚТАРДАН ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛЫН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕДІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 4-курс студенті Балауса Мұсабек жылу электр орталығының күл қалдығы мен Тасбөгет кен орнының шағыл құмын пайдаланып, төсеніш тақтайшаларын өндіру технологиясын әзірледі. Ғылыми жоба PhD Гүлнұр Жақыпованың жетекшілігімен жүзеге асырылуда.

Зерттеу нәтижесінде дайындалған төсеніш тақтайшаларының сығуға беріктігі 75,42 МПа-ға жеткен. Бұл бақылау құрамымен салыстырғанда шамамен 23 пайызға жоғары. Сонымен қатар өнімнің су сіңіру көрсеткіші төмендеп, қажалуға төзімділігі артқан. Аязға төзімділігі F300 деңгейінде бағаланған. Материалдың қасиеттерін анықтау үшін 45 циклдік сынақ жүргізіліп, микроқұрылымы зертханалық әдістермен талданған.

WhatsApp Image 2026-11-23 at 14.16.08 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-23 at 14.16.08.jpeg

Жобаның экономикалық тиімділігі де есептелген. Дәстүрлі технология бойынша бір текше метр өнімнің өзіндік құны 47 238 теңгені құраса, ұсынылған әдіспен бұл көрсеткіш 41 328 теңгеге дейін төмендейді. Осылайша, әр текше метрден 5 910 теңге үнемдеуге болады. Жылына 10 мың текше метр өнім өндірілген жағдайда экономикалық үнем 59,1 миллион теңгеге жетеді.

Жаңа технологиямен дайындалған төсеніш тақтайшалары Қызылорда қаласының сол жағалауындағы тұрғын үй ауласына төселіп, тәжірибелік сынақтан өткізілді. Бақылау барысында өнім бетінде көзге көрінетін жарықтар мен сынықтар анықталмаған.

WhatsApp Image 2026-11-23 at 14.16.22.jpeg

Жобаның негізгі мақсаты – өндірістік қалдықтарды қайта пайдалану, жергілікті шикізат қорын тиімді игеру, қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайту және құрылыс материалдарының өзіндік құнын төмендету.

Қазіргі уақытта технологияны өндіріске енгізу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы кезеңде материал құрамындағы зиянды элементтердің шайылу ықтималдығына қосымша экологиялық сараптама жасау, зертханалық нәтижелерді өндірістік жағдайда сынақтан өткізу және арнайы жабдықталған өндірістік желіні іске қосу жоспарланған.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации